19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Түркістанда құны 10 млн $ бағаланған мешіт ашылады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Түркістан  қаласында  17 сәуір күні құны  10 млн долларды құрайтын  мешіттің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Бұл туралы «E-islam.kz» хабарлайды.

Қожа Ахмет Яссауи  есімі берілген мешіттің құрылысына қажетті қаражатты Түркия Дін істері министрлігі толықтай көтеріп отыр.

2009 жылдың 16 қазанында басталған ғибадатханада бір мезетте 3 мың адамның құлшылық ете алады. Айрықша мешіттің құрылысы түрік пен қазақ халқының достығын паш етерлік ортақ құндылықтар негізінде, дәстүрлі архитектуралық стильде бой көтерді. Мешітте сондай-ақ кітапхана қоры, асхана және кафетерий бар. Мешіт имамдары мен азаншыларына арналған бөлмелер, дәріс сыныптары да қамтылған.

ummet-ақпарат

Бөлісу: