04
Сенбі,
Мамыр

һижри

«Берекелі мереке 2» рухани-патриоттық кеші өтеді

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне «Өнер қырандары» театрының «Берекелімереке 2» атты рухани-патриоттық кеші өтеді.

 Рухани кештің мақсаты – қасиетті Рамазан айы қарсаңында мұсылмандарды бес парыздардың бірі ораза құлшылығын өтеуге құлшындырып, халыққа насихат жасау. Жаңа бағдарламада «Өнер қырандары» театрының орындауында пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) өмірінен үзінділер, қоғам руханияты мен салауатты өміріне кері әсерін тигізетін әлеуметтік мәселелер тақырып етіп алған тағылымды театрландырылған қойылымдар орын алады. Сондай-ақ, рухани кеште діни әндер мен жырлар орындаладып, уағыз айтылады.

Кешке белгілі өнер жұлдыздары қатысады. Атап айтқанда, белгілі әншілер Ерген Айтымбетов, Ринат Төре, Қанатбек Полатбек және «Алашұлы» тобы қатысады.

Айта кетейік, аталған жоба 2015 жылы ағаш рет Алматы қаласы, Студенттер сарайында көрермен назарына ұсынылып, олардың ыстық ықыласына бөленіп қана қоймай, «31» телеарнасының көрермендері тарапынан ең көп тамашаланған бағдарламалардың қатарына енген болатын.

Рухани кештің өтетін жері: Алматы қаласы, Республика сарайы, 30 мамыр, басталуы сағат 19:00.

Билеттер Алматы қалалық мешіттерінде сатылады. 

Анықтама телефоны: +7 702 435 06 36, +7 771 466 62 78.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: