25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

«Жаназа» кітабы жарық көреді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Алматыда бас мүфти төрағалығымен өтіп жатқан ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ХІІ отырысында «Жаназа» кітабының мәтіні талқыланды, деп жазады Muftyat.kz.

Ғұламалар кеңесі мүшелерінің атсалысуымен әзірленген кітапта жаназаға қатысты үкімдер топтастырылған. Сондай-ақ, қайтыс болған кісіні жерлеу, құдайы ас пен садақа берудің әдебі жан-жақты жазылған.

Бас мүфтидің мәлімдеуінше«Жаназа» кітабын шығарудағы негізгі мақсат еліміз бойынша діни рәсімдерді бір ізге келтіру, ысырапқа жол бермеу, шариғатқа қайшы әдеттерге жол бермеу.

Сонымен қатар, «Жаназа» кітабы еліміздегі имамдарға үлестіріліп, еңбекте көрсетілген үкімдер аясында діни рәсімдерді орындау көзделген.


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: