20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Наиб мүфти облыстық семинарға қатысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» атты облыстық семинар өтті.

Семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Н. Өтпенов, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С. Ахмадиев, облыс әкімінің орынбасары Б. Өнербаев, облыстық дін істер басқармасының бастығы Р.Есдаулетов, теолог-ғалым М. Патеев және облыс имамдары қатысты. 

Жиында наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы исламның зайырлылық ұстанымы мен ислам құндылықтары, діни басқарманың бағыт-бағдары туралы баяндама жасады.


Наурызбай қажы Тағанұлы «Иман» орталық мешітінің жамағатымен кездесті. Кездесу барысында наиб мүфти Рамазан және ораза туралы мәселелерге кеңінен тоқталып, шариғаттың шарттарында айтылған тақырыптарға терең түсінік берді.


Сапар аясында наиб мүфти жұма намазына қатысып, қажылықтың қасиетті жайында әсерлі уағыз айтып, жамағатқа бата берді.


ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: