11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Қазақстанға алғашқы сапармен келді

Ел іші
Жарнама

Бүгін елімізге Түркия республикасының президенті Реджеп Тайып Ердоған мемлекеттік іссапармен келді. Мәртебелі мейманды ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов Астана Халықаралық әуежайында қарсы алды. 

Ертең Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Тайып Ердоғанның келіссөздері өтеді. Мұнан соң, екі мемлекет басшысының Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысына қатысуы көзделіп отыр.

Айта кетейік, Түркия президенті Тайып Ердоған Түркістанда Түркия Дін істері басқармасының қаражатына салынған үлкен мешіттің, Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің жаңадан салынған нысандарының салтанатты түрде ашылуына қатысады деп күтілуде.

 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу:

Пікірлер қалдыру