20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Алматыда халықаралық конференция өтті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Алматы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 15 жылдық мерейтойына орай «Ислами білім беру орындары және олардың жаңсақ түсініктерді түзетудегі рөлі»  атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Діни білім беру саласын жетілдіруге арналған конференция жұмысына ҚР Мәдениет және спорт Вице-министрі Марат Әзілханов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ төраға орынбасарлары Серікбай қажы Ораз, Наурызбай қажы Тағанұлы, ЕАР Уақыфтар министрі профессор  Мұхаммад Мұхтар Жұма, Алматы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Саясат Нұрбек, сондай-ақ еліміздің және шетелдік мәртебелі ғалымдар мен қонақтар қатысты.

«Біз санаулы жылдарда еліміздің діни саласындағы жұмыстарға жаңа өзгерістер енгізіп, жаңа бастамаларды жүзеге асырып келеміз. Сол жұмыстардың бір бағыты – діни білім беру саласы. Бүгінгі таңда Діни басқарма мешіттерінде 545 жоғары білімді, 797 орта арнаулы білімді мамандар қызмет етуде. Діни басқарма 2020 жылға дейінгі діни білім саласын дамытуға арналған Тұжырымдама қабылдады. Тұжырымдаманың мақсаты – мешіт-медреселерімізді білімді де білікті кадрлармен тиісінше қамтамасыз ету, дін мамандарының әлеуетін жаңа деңгейге көтеру, діни білім саласын жақсарту» деді  бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Діни жаңсақ түсініктерді түзетудегі ислами оқу орындарының маңыздылығына тоқталып,  Қазақстандағы діни мамандарды  даярлаудағы «Нұр-Мүбарак» университетінің орнын ерекше атап өткен бас мүфти университет проректоры профессор Шамшәдин Керімді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «ҚР ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елулі үлесі үшін» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапаттады. 

Конференцияда діни білім беруді жетілдіру, имамдардың біліктілігін арттыру, жастарды жат ағымдардың ықпалынан сақтандыру мәселелеріне қатысты халықаралық деңгейдегі ғалымдар тың пікірлерімен бөлісіп, тәжірибелерін ортаға салды.


 

 

ҚМДБ баспасөз қызметі

Бөлісу: