15
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Түркия мүфтиі Мехмет Гөрмез ҚМДБ қызметімен танысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

«Бүгін Түркияның Дін істері басқармасының төрағасы Мехмет Гөрмез Астанадағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында болып, мүфтият қызметкерлерінің жұмысымен танысты» деп хабарлайды Muftyat.kz.

ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев Діни басқарма қызметі жайында баяндап, осы салада бауырлас ел ретінде қамқорлық көрсетіп, қолдау білдіріп отырған Түркия дін қайраткерлеріне алғыс айтты.

«Түрік пен қазақ – бауырлас ел, біздің тарихымыз бен дініміз бір. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Түркияның Дін істері басқармасы діни салада бізге үлкен қолдау көрсетіп келеді. Қазір шәкірттеріміз бен имамдарымыз Түркияда білім алып, тәжірибелерін шыңдауда. Сізге және ұжымыңызға Қазақстан мұсылмандары атынан зор алғысымды білдіремін», – деді Ғылымбек Жәдігерұлы.

Мехмет Гөрмез мырза Қазақстанның рухани тұрғыда дамып келе жатқаны туралы әңгімеледі. «Дін өркендеу үшін ең алдымен діни кадрдың әлеуеті жоғары болу керек. Ғалымдар тобы қалыптасуы қажет. Сонда дін насихаты бір ізге түседі. Біз әрқашан бауырлас елге көмегімізді аямаймыз. Бұл біз үшін үлкен мәртебе», – деді Түркия мүфтиі.

Ресми кездесуден кейін мәртелебі мейман «Нұр Астана» мешітінде шәкірттермен кездесіп, ақыл-кеңестерімен бөлісіп, дәріс берді. «Сендердің арларыңнан адамзатты тура жолға бастайтын мықты ғалымдар көп шығу тиіс», – деді Мехмед мырза.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркияның «Хасеки» оқу орнында Қазақстаннан 45 шәкірт білім алуда. Имамдардың 2 айлық білім жетілдіру курсында 24 дін қызметкері тәжірибе алмасуда. Жуырда ҚМДБ жанынан аудармашылар тобы құрылып, бұл игі бастамаға да түркиялық әріптестер қолдау көрсетті.

ummet.kz-ақпарат  

Бөлісу:

Пікірлер қалдыру