19
Жұма,
Сәуір

һижри

Бас мүфти халықаралық симпозиумға қатысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

"Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Қырғызстанда өтіп жатқан «Экстремизм және такфиризм – қоғамға төнген қауіп» атты халықаралық конференциясына қатысты" деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Халықаралық симпозиумда бас мүфти баяндама жасап, онда бүгінгі әлемдік қауымдастықдың түрлі әлеуметтік, ұлттық және дінаралық, саяси шиеленістерге тап болып отырғанын айта келе: «Адамзат жаңа ғасырда бұрын-соңды болмаған діни алауыздықтар, дау-жанжалдар, ұлтаралық қақтығыстармен бетпе-бет келді. Дінді саясиландыру арқылы жастар санасын теріс арнаға бұру үрдісінің куәгері болып келеміз. Дінді өз саяси мақсаттарына икемдеп алған түрлі топтар әлемнің әрбір жерінен көріне бастады. Радикалды топтар тек дәстүрлі діни түсініктерді жоққа шығарумен қатар, ашық түрде лаңкестік әрекеттер жасауда. Ислам атын жамылған бүлікшілердің бұл әрекеті, сөз жоқ, дәстүрлі дінімізге деген анық қарсы әрекет, мұсылмандық былай тұрсын, адамшылыққа да жат амал», – деп, ел мен дін жайында ойын ортаға салды.

ҚМДБ төрағасы Ержан Малғажыұлы теріс ағымдарға тосқауыл қоюда жас ұрпақтың санасына салт-дәстүр мен әдет-ғұрып құндылықтарын егуді ұсынды. «Мың жылдан астам тарихы бар, дала заңы демократиясының негізі саналған дініміздің құқықтық мектебі – Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы жұртымыздың жүрер жолы болған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы дәстүрлі Исламды насихаттайды және бірлігімізді нығайта түсу үшін мұсылман жамағатын Әбу Ханифа мәзһабын ұстануға шақырады. Діни сенім бостандығы туралы заңымызда да төл мәзһабымызға айрықша мәртебе берілді» деп, Діни басқарма тарапынан 2014 жылдың "Дін мен дәстүр" жылы болып жарияланғанын атап өтті.

Бас мүфти сапар барысында Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Мақсатбек қажы Тоқтомушов мырзамен кездесіп, дін қызметінің әлеуетін көтеру, аударма ісі, халал стандартын жетілдіру және жастарды жат ағым ықпалын сақтау турасында ой бөлісті.

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: