19
Жұма,
Сәуір

һижри

«Көрікті мешіт – 2016» жеңімпаздарына марапатталды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Көрікті мешіт – 2016» байқауының марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Марапаттау рәсіміне бас мүфти, ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, жүлделі орын алған мешіт имамдарына қажылық сертификаты мен алғыс хаттарын табыстады.

«Аллаға шүкір, соңғы жылдары сәулеті жарасқан мешіттер көптеп бой көтеруде. Біздің комиссияға көрікті мешіттерді таңдап алу оңай болмады. Өйткені, елімізде көрікті мешіттер өте көп. Мешіттерді таза ұстап, ауласын абаттандырып, халықтың қолайлы жағдай жасаған сіздерге Алла разы болсын. Мешіттің имамы – халықтың қызметшісі. Сондықтан, мешіттерде барлық жағдай жасалуы керек» деп бас мүфти алғыс білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл «Көрікті мешіт 2016» атты тазалық бәйгесін ұйымдастырған болатын. Мақсат – аудан орталықтары мен ауылдардағы мешіттердің деңгейін көтеріп, көркі, сән-салтанатымен қоса, ауласының тазалығы, біркелкі, көгалды болуы, т.б. сипаттары бойынша бағалап, әр облыстағы мешіт имамдарының бір-бірінен үлгі-тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру.

Байқау екі деңгей бойынша, қала, аудан мешіттері және ауыл мешіттері деңгейінде өтті. ҚМДБ арнайы құрылған комиссияның шешімімен өңірлік мешіттердің ішінен республикалық 1, 2, 3 орындарды анықталды.

Аудандық, қалалық деңгей бойынша:

1-орын: ОҚО, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы орталық «Нұғыман» мешті;

2-орын: Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешіті;

3-орын: Қостанай облысы, Қарабалық кенітіндегі «Ғашура ана» мешіті.

Ауылдық деңгей бойынша:

1-орын: Талдықорған өңірі, Ескелді ауданы, Ешкіөлмес ауылы «Имам ағзам» мешіті;

2-орын: Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты,  Нағи Ілиясо­в ауылы «Айтбай» мешіті;

3-орын(екеу): Ақмола облысы Целиноград ауданы Тайтөбе ауылдық «Үкібай Абдрахманұлы» мешіті, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы, Ұшбұлақ ауылдық мешіті.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: