24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти «Астана» медресесінде дәріс берді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы елордада «Астана» медресесінің шәкірттеріне дәстүрлі дәрісін өтті.

Бас мүфти болашақ дін қызметкерлеріне қазіргі заманғы діни мәселелерге байланысты пәтуа берудің әдіс-тәсілдері мен жүйелері туралы жан-жақты түсіндіріп берді. ҚМДБ төрағасы әрбір мәселеге тереңнен үңіліп, оны жан-жақты саралап, Ислам әлеміндегі таңдаулы пәтуаларды негізге алғаннан кейін шариғи үкім шығарудың қажеттігін сөз етті. Атап айтқанда, неке, талақ беру, тағдыр мәселесі туралы дәріс оқылды.

«Сіздер кешегі медреседен тәлім алып, әлемге танылған Абай, Бейімбет, Міржақып сынды бабаларымыздың бақытты ұрпағысыздар. Әрбір уақыттарыңызды тиімді пайдаланып, терең білім алуға талпыныңыздар. Діни басқармаға білімді қызметкерлер қажет. Сауатты, тәжірибелі маман қай кезде болсын кез-келген мәселені шешеді» деп атап өтті бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Бас мүфти дәрісіне жалпы саны 122 шәкірт қатысты.

 

ҚМДБ Баспасөз қызметі

Бөлісу: