20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен құттықтады

Ел іші
Жарнама

Бүгін «Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр» атауымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы барысында ҚР Президенті, Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Біз биылғы жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы деп жарияладық. Бұл Ассамблеяның мерейін асыру арқылы нығая түсетін ел бірлігі жылы. Тарихи жылда біз Қазақстан халқының мызғымас бірлігі мен ұлы Отанға мәңгілік сүйіспеншілігін ұлықтай түсеміз», - деді Н.Назарбаев сессияны ашу барысындағы сөзінде.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы - бұл тұрақтылықтың 20 жылдығы, 20 жылдық бірлескен еңбектің жемісі, даму мен бірігудің, достықтың жетістігі. Мен барша қазақстандықтарға, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне өз алғысымды жеткізгім келеді», - деді Елбасы.

Бұдан бөлек, Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасу кезеңдеріне тоқталып, оның қиын күндері құрылып, бүгінгі биік кезеңге дейінгі жүріп өткен жолдарына назар аударды. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: