05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Қазақстанда беймәлім сегіз тарихи мешіт бар

Ел іші
Жарнама

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде сегіз тарихи мешіттің орны табылған.

Ғалымдардың пайымдауынша, тарихи орындар XIX-XX ғғ. тән. Деректерге сүйенсек, Бейнеу ауданы территориясында жалпы саны 40 мешіт, медресе орналасқан. Олардың тарихи деректері әзірге толықтай зерттелген жоқ.

Осы түйткілдерді шешу мақсатында археологтар тобы алтыкүндік экспедицияға шыққан. 700 шақырым жолды шарлаған мамандар 20 ескерткішке зерттеу жүргізді.

«Экспедиция барысында өз дәуірінде елдің орталығы саналған мешіттер табылды. Олардың көпшілігі біздің заманымызға жетпей жойылып кетті. Мәселен, Көшербай ахун мешітінен біз тек қабырға қалдықтарын кезіктірдік» дейді экспедиция мүшесі Бекболат Төлегенұлы.

Айта кету керек, экспедиция қорытындысы бойынша ғалымдар арнайы деректі фильм түсіруді жоспарлайды. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: