29
Жұма,
Наурыз

һижри

Қажылар ұлық сапардан оралды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін қасиетті қажылық сапарына аттанған қажылар елге аман-есен жетті.

Астана халықаралық әуежайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Марат Бектазинов және қажылардың туған-туыстары ұлық сапардан оралған отандастарымызды күтіп алды.

Еске салсақ, Қағбаға тәуап етуге елордамыздан 300-ден аса Қазақстан азаматы аттанған еді. Биыл үлкен қажылық сапарына елімізден 3500-ге жуық адам барып қайтты.

Бүгінде қажылық сапарын ұйымдастыру қызметі өз арнасып тапқан. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті сапардың қызмет сапасын арттыру мақсатында арнайы Қажылық миссиясын құрып, оның құрамына білікті мамандарды қосты. Дін мамандары, дәрігерлер мен журналистер қосыны бар Миссия ел қажыларына биыл да жоғары қызмет көрсетті. Асыл дінімізді дәріптеп, имандылықты насихаттауға берілген Алла Тағаланың осынау шексіз мейірімі мен елімізде жасалған мүмкіндікке барша қазақстандықтар ризашылықтарын айтып, ізгі лебіздерін арнап жатты.

Ал Қазақстан қажылары өткен жылдан бастап Сауд Арабиясы корольдігімен жасасқан ортақ келісімге сәйкес, «FlyNas» халықаралық әуе компаниясы арқылы тікелей Мәдина, Джидда қалаларына ұлық сапарды өтеп келеді.

Astanahad1

Astanahad2

Astanahad3

Astanahad4

Astanahad5

Astanahad7

Astanahad9

Astanahad10

Astanahad11

Astanahad12

Astanahad13

Astanahad14

Astanahad15

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: