19
Жұма,
Сәуір

һижри

Қазақстанда 9 терактінің алды алынды

Ел іші
Жарнама

Қазақстанда жыл басынан бері 9 терактінің алды алынды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төраға орынбасары Нұрғали Білісбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2011 жылдан бері 64 терактінің жолы кесілген.

«Терактілердің басым бөлігі адамдар көп шоғырланған қоғамдық орталарда іске асырылуы жоспарланған. Бұдан бөлек, терактілік шабуылдар құқыққорғау органы нысандары мен арнайы мемлекеттік органда жасалуы көзделген» деп атап өтті Н.Білісбеков.

Ал соңғы бес жыл ішінде экстремистік және террористік ұйымдар қатарында қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін 445 азамат сотталды. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: