29
Жұма,
Наурыз

һижри

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Ұстаздық – қадірлі қызмет

Ел іші
Жарнама

ҚАДІРЛІ ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ!

Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Білім – адамзат өмірінің өлшеуіші. Білім мен ғылым бар жерде өркениет дамып, мәдениет қалыптасады. Үздіксіз даму үрдісі жүреді.

Балаларды білім нәрімен сусындатып, ізгі қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде сіздердің еткен еңбек, төккен терлеріңіз мол. Ұстаз – келешектің кілтін ұстаған, шебер ұста. Алаштың ардақты азаматы Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың ұлағаты – мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты – оқу мен әдебиетте» деген екен.

Ұстаздық мемлекетіміз бен халықтың алтын көпірі іспеттес. Еліміздің мақсатты жоспарларын жүзеге асыру, халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын дәріптеп, адами асыл қасиеттерді, ғылым мен білімді дамыту сіздер арқылы атқарылатын абыройлы іс. Мемлекетіміздің ертеңгі болмысы – сіздердің, ұстаздар қауымының бүгінгі тәлім-тәрбие, еңбегінде. Өскелең ұрпақты тәрбиелеп, білім дәнін егуде, еліміздің өркендеуі жолындағы абыройлы қызметтеріңізге толымды табыс тілеймін. Алла Тағала баршаларыңыздың отбасыларыңызға береке, игілік нәсіп етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары

діни басқармасының наиб мүфтиі,

Астана қаласының бас имамы

Бөлісу: