19
Жұма,
Сәуір

һижри

Бас мүфти ғұламаларды марапаттады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Алматыда өткен ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің кезектен тыс мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы қоғамдағы діни мәселелерге қатысты пәтуа шығарып, дініміздің асыл құндылықтарын жүйелеп халыққа жеткізуде елеулі үлес қосып келе жатқан Кеңес мүшелерін Алғыс хатпен марапаттады, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Бас мүфти Ғұламалар кеңесі дініміздің, төл руханиятымыздың дамуына аса зор еңбек сіңіріп келе жатқанына назар аударды.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Ғұламалар кеңесінің әрбір мәселеге қатысты жұмыстарына жоғары біліктіліктеріңізбен өз үлестеріңізді қосып, қызмет етіп келесіздер. Ғұламалар кеңесінде талқыланып, мақұлданған әр пәтуа  жұртымыздың жүрегінен орын алып, халқымызды имандылыққа бастайтыны хақ. Ғұламалар кеңесінің атқарып жатқан игі жұмыстары қоғамды отансүйгіштікке, адал қызмет етуге, өзгеге жанашыр болуға, кішіпейілділікке жетелейтініне сенемім мол» деп атап өтті бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Айта кетсек, осы уақытқа дейін Ғұламалар кеңесі 36 пәтуа, 12 концептуалды құжаттар қабылдаған.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: