19
Жұма,
Сәуір

һижри

«Мәңгілік өнеге – әз Мұхаммед Мұстафа ﷺ» бәйгесі қорытындыланды (ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

Алматы орталық мешітінің Мәуліт мерекесіне орай жариялаған адамзаттың асыл тәжі, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның ﷺ өнегелі өмірінен сыр шертетін «МӘҢГІЛІК ӨНЕГЕ – ӘЗ МҰХАММЕД МҰСТАФА ﷺ» атты бейнероликтер бәйгесінің қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Бәйге жеңімпаздары Республика сарайында ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі Мәуліт кешінде жарияланды.

Республика бойынша ұсынылған 15 бейнероликті ҚМДБ жанынан арнайы бекітілген сарапшылар құрамы сарапқа салды. Сараптау қорытындысы бойынша бас жүлде(қажылық) «Жаспен жуылған сағыныш хаты» атты бейнероликке берілді. Видео авторы – Алматы қаласы, Алатау ауданы "Әл-Азим" мешітінің наиб имамы, Нұр-Мүбарак университетінің түлегі Кершеев Жомарт Жарылқасынұлы. 

Бас жүлде: «Жаспен жуылған сағыныш хаты»

 

{youtube}S7UIcK-WK98{/youtube}

 

Екінші орын: «Вечный пример – Мухаммад Мустафа »

 {youtube}pmOE7zQ-Y6M{/youtube}

 

Екінші орын  100 000 тг. (жүз мың теңге) «Вечный пример – Мухаммад Мустафа » атты бейнероликке берілді. Видео авторы  – қарағандылық Асылбек Мүкенов есімді азамат.

 

Үшінші орын: «Мейірімділіктің символы болған Мұхаммед »

{youtube}mU7tfti-03s{/youtube} 

 

Үшінші орын50 000 тг. (елу мың теңге) «Мейірімділіктің символы болған Мұхаммед » ролигіне берілді. Ролик авторы – Рамиз Азизбекұлы Шакиров.

 

«МӘҢГІЛІК ӨНЕГЕ – ӘЗ МҰХАММЕД МҰСТАФА ﷺ» бейнероликтер бәйгесінің сарапшылар құрамы:

1. Сарапшылар төрағасы: ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы;

2. Ғ.Мәжиев – ҚМДБ-ның аппарат жетекшісі;

3. Ж.Бекжігітов – ҚМДБ Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі;

4. С.Шоқанов – ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

5. Н.Есмағамбет – ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы.

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: