19
Жұма,
Сәуір

һижри

Имамдар Түркия теологиялық оқу орындарында білім жетілдіреді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын 6-7 желтоқсан күндері Түрік Республикасына іссапармен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Сапар барысында вице-министр  Түрік Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жанындағы Дін істері басқармасының басшысы Мехмет Гөрмезбен және Қорлар істері жөніндегі бас директоратының жетекшісі Аднан Ертем мырзамен кездесті.

Келіссөздер барысында мемлекет пен діни бірлестіктердің  өзара әрекеттестігі, діни бірлестіктер мен қорлардың қызметін реттеу жөніндегі мәселелері талқыланып, діни экстремизм және бүлік тудыратын идеялардың таралуына жол бермеу тақырыбы аясында пікір алмасылды. Сондай-ақ діни саладағы ынтымақтастықты жалғастыру жайлы, оның ішінде қазақстандық имамдардың Түркияның жетекші теологиялық оқу орындарында біліктіліктерін арттыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Б.Арын елдегі діни ахуалды зерттеу мен болжамдаумен айналысатын «TEPAV» атты Экономикалық саясатты зерттеу қорының жұмысымен танысып, дін саласындағы күрделі зерттеулер жүргізу мен қатар ислам дінінің ханафи мәзһабын белсенді ілгерілететін  "ISAM" Ислам зерттеулерінің орталығында болды.

Іссапарда Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы мен Түрік Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жанындағы Дін істері басқармасына қарасты "ISAM" Ислам зерттеулерінің орталығы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Tur1

Tur2

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: