03
Жұма,
Мамыр

һижри

Әріптер арқылы жасалған бейне (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Асылбек Орынбасаров еліміздегі жалғыз кәсіби каллиграф. Қазір оның Алматыда бір айға, яғни ақпан айының соңына дейін оның жеке көрмесі өтуде. Мұнда суретшінің бес академиялық стильдегі, сондай-ақ, қазақтың ұмыт қалған «сиягет» стиліндегі жұмыстары қойылған.

Алдымен каллиграфияның не екенін түсініп алайық. Оның анықтамасы: «көркем әрі анық жазу». Яғни, шебер, көркем жазу үлгісін, әрі оны түсінікті етіп беру стилі өнердің бір түрі.

Көрмеде сүрелер, аяттар мен хадистер келтірілген 27 жұмыс қойылып отыр. Оның ішінде: «Шын мәнінде Ол, бір істің болуын қаласа, Оның бұйрығы оған «бол» деу, сонда ол бола қалады». (Ясин сүресі, 82 аят), Кімде-кім күпірлік етсе, күмәнсіз Раббым ешкімнің шүкіріне мұқтаж емес» (Нәміл сүресі, 40–аят) деген аяттар бар. Негізінен, бұған дейін елімізге келіп-кетуші каллиграфтар болған, ал қазақ жігітінің осындай жұмысты ұсынуы бірінші рет. «Бұл жерде ислам каллиграфиясын ұсынып отырғандықтан, Пайғамбардың және діни трактаттар мен кітаптардан алынған сөздер жазылған» дейді Асылбек Орынбасаров.

d1l5XUi9Qmc 360x480

Каллиграфия өнерін Асылбек Орынбасаров Египет және Түркия елдерінде үйренген. Ол Египет Ислам мәдениеті университетін бітіріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының республикалық имамдар білімін жетілдіру институтында біліктілігін арттырған. Бүгінде елімізде араб каллиграфиясын үйрететін алғашқы мектеп-студиясын ашып отырған  каллиграф.

KNyII9AwSiw 640x480

Суретшінің айтуынша, каллиграфия негізінен эстетикаға барар жолды мақсат етеді. Ежелгі араб кітаптарында «каллиграфия – әріптер арқылы жасалған дыбыстың бейнесі» делінген екен. Ежелгі грек математигі Эвклид каллиграфияны «ой геометриясы» деп атапты.

Егер араб каллиграфиясының дамуына көз жүгіртетін болсақ, оларға тік және бұрышты, геометриялық болып келетін «куфи» стилі тән. Кейін келе Йслам діні дами түскенде «сульс», «дивани» стильдері пайда болған.

Ал «сиягет» ‒ Темір әулеті биілігі кезінде пайдаланылған қазақ стилі. Каллиграфия бізге XV ғасырда Самарқан, Бұхара арқылы Ираннан жеткен. Алғашқы «фарси та’лик», «шекисте» стилі біздің дінге сай негізделген екен.

‒ Каллиграфия түсінікті жазылып, оны автордан басқаның бәрі оқи алуы тиіс. Сурет салуға пайдаланылатын қағаз да, бояу да халал заттардан жасалуы керек. Каллиграфияны әркім ынтасына қарай әртүрлі уақытта меңгеріп шығады. Әр стиль кезең кезеңмен үйретіледі. Өзім 2002 жылдан бері үйреніп келе жатырмын. Түркия, Египеттегі ұстаздармен хабар алмасып, соларға өз жұмыстарымды да көрсетіп тұрамын. Жалпы, ислам дініндегі өнердің бірі – каллиграфия. Бізде өкінішке қарай, дін тұрғысындағы түсінік бойынша жаназа шығару, неке қию, құдайы тамақ берумен шектеліп қалған. Негізінен, ислам ‒ көп қырлы дін. «Алланың өзі көркем, сұлу» деген хадис бар. Әр адамның сұлулыққа деген ұмтылысы болады. Сол сұлулыққа деген құштарлықты қанағаттандыру үшін Ислам діні каллиграфияны ұсынады, ‒ дейді автор.

ZxHOCFvU Zo 640x480

Хазірет Әли «Каллиграфия ислам дінімен парапар жүреді»  деген екен. Каллиграфия дайындаудың өзінің белгілі қағидалары, ортақ бір моделі бар. Оны үйренудің өзі біраз уақытты талап етеді. Бұдан бөлек, Асылбек алдағы уақытта Құранды бастан-аяқ қолдан жазып шықсам деген ниетте.

 

 

Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ

Дереккөз: Aykin.kz

Бөлісу: