19
Жұма,
Сәуір

һижри

«Әзірет Сұлтан» мешіті мүмкіндігі шектеулі 250 адамды қонақ қылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандар қонақ болып, арнайы ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысты, деп хабарлайды Muslim.kz.

Арнаулы шараға қаладағы  мүмкіндігі шектеулі  250 адам қатысып, дастарханнан дәм таты. Бұдан бөлек, қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынылып, ән мен жырдан шашу шашылды. «Тағылым тамшылары» ұлттық-рухани балалар театры қойылым көрсетіп, қамкөңіл жандарға қуаныш сыйлады.

Игі шара Астана қаласы әкімдігінің әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, «Әзірет Сұлтан» мешіті,  «Мумтаз» мейрамханасы және «Мәңгілік ел жастары» қоғамдық ұйымдарының бірлесуімен қолға алынған.  Шара шымылдығын түрген «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлы барша қонақтарға құттықтау лебізін білдіріп, мүмкіндігі шектеулі жандарға құлшылық ордасының қашанда қамқорлық танытуға әзір екенін жеткізді.

Сондай-ақ, шара аясында созылмалы сал ауруынан сауығып келе жатқан үш бүлдіршіннің тұсаукесер рәсімі болып өтті. Медициналық емшаралар арқасында аяғы апыл-тапыл басуға жарап қалған үш бүлдіршіннің  тұсауын ырымдап мешітте кескен апалары Алладан шипа сұрап, ақ батасын арнады.

Aprett1

Aprett2

Aprett3

Aprett4

Aprett5

Aprett6

Aprett8

Aprett7

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: