19
Жұма,
Сәуір

һижри

Экстремизмге қарсы күрес қарқынды жүргізіледі (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Діни сипаттағы экстремистік іс-әрекеттердің алдын алу – бүгінгі дін саласындағы маңызды міндеттің бірі. «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университеті жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институты осындай мақсатта ашылған.

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы іс-сапарында «Нұр Мүбәрак» университетіндегі экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институты тыңдаушыларымен жүздесті.

Кездесуде наиб мүфти дін саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып өтті. «Дін қашанда күрделі әрі нәзік сала. Сол себепті, ақ пен қараны ажырату үшін терең таным-түйсік керек. Ал оны алыстан іздеудің әсте қажеті жоқ. Атадан мирас болған дәстүрлі діни бағытымыз – біздің басты жолымыз. Біз осы жолдан жаңылмай, жалынды жастарға, өскелең ұрпаққа ата салтын сіңіріп, дәстүрлі діни жолын дұрыс көрсете білсек, әртүрлі теріс пиғылды топтарға тосқауыл қоямыз. Қазіргі уақытта әлемді алаңдатқан діни сипаттағы экстремистік құбылыстар біз үшін де маңызды болып отыр. Мемлекет тарапынан көрсетілер көмек те, жоспарлы жұмыстар да ауқымды. Дін қызметкері теологиялық тұрғыдан өз білім-білігін, қарым-қабілетін сарқа жұмсаса, жұмыс жемісті, іс нәтижелі болады» деді наиб мүфти Н.Тағанұлы.

Кездесуде курс тыңдаушылары дін саласындағы әртүрлі тақырыптар бойынша сауалдарын қойып, пікір алмасты.

Eks2

Eks3

Eks4

Eks5

Eks6

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: