19
Жұма,
Сәуір

һижри

Бас мүфти діни оқу орындарына оқулықтар әзірлеуді тапсырды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ғұламалар кеңесінің XVI мәжілісінде медреселердегі діни білім беру бағдарламаларына сай оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеуді тапсырды.

«Медіреселерімізге қазіргі заманғы талаптарға және қоғамның рухани сұраныстарына сай келетін білім беру жүйесі қажет. Білікті маман шығару үшін білім беру жүйесін жетілдіру, оны заман талабына сай оңтайландырып отыру міндет. Діни басқарма осы бағытта елімізде діни білім беруді дамытудың тұжырымдамасын қабылдады. Біз Білім саласын жандандыру үшін ҚМДБ-ға қарасты медреселердің оқу бағдарламаларын Тұжырымдама аясында жүзеге асырып келеміз. Осы Тұжырымдамаға сәйкес медіреселерде діни білім беру бағдарламалары бойынша «ислам тарихы», «ислам әдебі», «салыстырмалы діндер тарихы», «Қазақстандағы ислам тарихы», «әдет-ғұрып заңдары», «хадис әдістемесі», «тәпсір әдістемесі», «ислам мәдениеті» кітаптарын әзірлеуді Діни білім және кадр дайындау бөліміне тапсырамын», – деді Бас мүфти.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Исламдық білім беру жүйесін дамыту бағытында үздіксіз жұмыс жасап келеді. Қоғамдық маңызды фактор ретінде діни білім беру жүйесін үнемі жетілдіріп отыр. Жақында Діни басқарма діни оқу-ағарту саласы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен меморандум жасап, екі жақты келісім құжаты аясында алғаш рет медреселер үшін мемлекеттік стандартқа сай оқу жоспары мен оқу бағдарламалары әзірленді. Сонымен қатар медресе Жарғыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.

Dini2

Dini3

Dini4

ҚМДБ баспасөз қызметі

Бөлісу: