27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Сауд патшасы Елбасыға Қағба жамылғысын тарту етті

Ел іші
Жарнама

Ақордада ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шетелдік 7 елші сенім горамоталарын тапсырды. Осы орайда Сауд Арабия елшісі Захир бен Мутиш әл-Анези Елбасыға Қасиетті қағбаның жамылғысын тарту етті, деп хабарлайды Baq.kz.

«Мен үшін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу жоғары мәртебе. Сенім грамотасын тапсырғаным үшін өте қуаныштымын» деді ол.

Сондай-ақ, президент Сауд Арабия королі жолдаған қасиетті Қағбаның жамылғысын қуанышпен қабылдады.

Осы орайда елші Ақордаға Сауд Арабиясынан арнайы хат алып келгендігін алға тартты.

«Сауд Арабия королінің Қазақстанға ресми сапармен келуі жайында хатын жеткіздік. Осы сапар жақын арада орындалады деп үміттенеміз» деді Захир бен Мутиш әл-Анези.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: