Меню

07
Дүйсенбі,
Сәуір
9
Шәууәл
1446 һижри

Астаны мешіттері 10 тоннa гуманитарлық жәрдем жөнелтті

Ел іші
Жарнама

Бүгін Елорданың «Нұр Астана» орталық мешітінен Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық жәрдем жөнелтілді. Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Ақмола облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын.

Айта кеткен жөн, сәуір айында «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында Астана мешіттері Қарағанды облысына 110 тонна гуманитарлық жәрдем жөнелткен болатын. Ал міне бүгін «өзгенің қасіреті – өз қасіретім» деп білген Елорда имамдары Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Жаңажол және Оразақ елдімекен тұрғындарына 10 тонна гуманитарлық жәрдемнен тұратын «Қайырымдылық керуенін» жөнелтті.

Ел азаматтары ауызбірлігінің айнасы болған бұл ізгі шараға Астананың барлық мешіттері ат салысты.

Бөлісу: