06
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти мен Қазақстан митрополиті «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» естелік медалімен марапатталды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас муфти Ержан Малғажыұлы мен Орыс православ шіркеуінің Митрополит округінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрға мемлекеттік және қоғамдық қызметте қол жеткізген жетістіктері үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» естелік медалін тапсырды.

Марапаттау рәсімінде министр бірлігі мен ынтымағы жарасқан еліміздің бүгінгі абырой-беделі Елбасының жиырма жылдан аса төккен тері мен ерен еңбегі екенін атап өтті. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы елімізде биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Жеңістің 70 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтіліп жатқанын еске салды.

«Осы шаралардың аясында Елбасымыздың Жарлығымен бас мүфти Ержан Малғажыұлы мен Астана және Қазақстан митрополиті Александр «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды»  деді министр өз сөзінде.

ummet.kz-ақпарат

 

Бөлісу: