02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Қазақстан әлемдік шиеленістерді шешуге үлкен үлес қосуда

Ел іші
Жарнама

Қазақстан дүниенің түкпір-түкпіріндегі түйткіл мен шиеленістерді шешуге белсене қатысуда. Бүгін Ақордада бірқатар шет мемлекеттің Төтенше және Өкілетті елшісінен сенім грамотасын қабылдаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап KazIslam.kz хабарлады.

«Біздің бейбіт өмір мен қауіпсіздікті, ынтымақты дамуды көздейтін ұсыныстарымыз кең дүниеде қолдау тауып келеді. Біз БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өз міндетімізді орындайтын боламыз. Жаһандық ұйымның беделді органына өңіріміздің атынан өкілдік ету біз үшін үлкен мәртебе болып саналады. Еліміз дүниенің түпкір-түпкіріндегі түйткіл мен шиеленістерді шешуге белсене  атсалысып  келеді. Солардың бірі – Сириядағы  ахуалды бейбіт жолмен реттеу мәселесі. Біз проблеманы тек келіссөздер арқылы  ғана шешуге болады деп кәміл сенеміз. Сондықтан Астанада Сирия  Үкіметі мен қарулы оппозиция өкілдері алғаш рет бір үстел басында кездесіп, сөйлесіп, бір-бірімен келіссөздер жүргізді» деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы елшілердің қаперіне санаулы  күндерден соң Астанада «Болашақ энергиясы» деген  тақырыппен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу  рәсімі өтетіндігін еске салып өтті. «Оған әлемнің 100-ден астам  елі қатысады. Сіздердің елдеріңіздің басшыларының барлығы менің шақыруымды алды. Бұл көрме адамзаттың  бүгінгі озық жетістіктерін көрсетіп, оларды насихаттауға бағытталатын болады. Көрме аяқталғаннан соң оның базасында «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейді. Сіздер ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге белсене ат салысады деп сенемін және Астана халықаралық қаржы орталығына сіздердің мемлекеттеріңізден қолдау табамыз деп үміттенеміз» деді Елбасы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысына Оңтүстік Корея Елшісі Ким Дэ Сик, Индонезия Елшісі Рахмат Прамоно, Румыния Елшісі Чезар-Маноле Армяну, Сербия Елшісі Владан Матич сенім грамотасын табыс еткен болатын.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: