28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Вице-министр: Орамал мен хиджабқа тыйым салынған жоқ

Ел іші
Жарнама

Қазақстанда қара киімге тұмшаланып жүруге тыйым салынғанымен, орамал мен хиджабқа тыйым салынбайды. Бұл туралы Дін істері бойынша вице-министр Берік Арын баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Мәселе бетін тұмшалап алатындарға қатысты. Ниқабтар, чадралар, паранджа және өзге де осы іспеттес киімдер адамның тұлғасын анықтауға кедергі келтіреді. Алайда, қызметтік жағдайына орай бетперде киюге мәжбүр азаматтар мен шетелдік діни қызметкерлерге елімізде бұл шектеулер алынып тасталады. Тек қана бір атрибутты сөз еткен дұрыс болмас, әңгіме деструктивизмнің бірнеше белгісіне келіп тіреледі. Бұл тек сақал ғана емес, өзге де белгілердің жиынтығы болуы мүмкін. Қазір мамандар пікірін зерттеп жатырмыз. Кейін оны талқыға саламыз. Содан кейін барып заң талаптары бекітіледі» дейді вице-министр Берік Арын.

Бөлісу: