29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Заңсыз діни контент таратқан 900 ресурс анықталды

Ел іші
Жарнама

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің үйлестіруімен экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ведомствоаралық комиссия жүйелі жұмыстар жүргізуде. Осының арқасында ғибадат орындарының маңайында қауіпсіздік күшейтілген. Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бүгін халыққа есеп беру кездесуінде ведомствоаралық іс-қимылдың маңызды нәтижелері туралы баяндады.

«Ведомствоаралық іс-қимыл нәтижесінде мешіттерде тәртіп бұзу үлесі төмендеді. Сондай-ақ, діни материалдарды тарату арналарына тұрақты мониторинг жүргізілу жолға қойылды. Біздің министрлік 2016 жылдың өзінде 10 750 сайтты зерделеді. Оның ішінде 1500-ге жуық сайттан заңсыз контент анықталып, заң тәртібімен жабылды. Биылғы мониторингте 6 мыңнан аса сайт тексеріліп, 900- заңсыз контент таратып келгені белгілі болды» деді министр.

Министр сондай-ақ әлеуметтік желілерге, кітап, баспа өнімдеріне тұрақты сараптама жүргізілетінін жеткізді. 2017 жылы 1,5 мыңнан аса объект сараптамадан өтіп, оның ішінде 54 материалда құқыққа қайшы контент кезіккен. Сонымен қатар, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің барлық кітапхана қорына сараптама жүргізілген. Нәтижесінде, 13 кітап деструктивті мазмұнда деп танылған.

Kaz-Islam.kz

Бөлісу: