20
Сенбі,
Сәуір

һижри

"Халал - халық таңдауы" семинары өтті

Ел іші
Жарнама

Алла тағаланың «Сендерге Алла өлексені ( арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды» деген Құранда айтқан үкіміне орай бүгінгі таңда мұсылмандар астың халал не халал еместігіне қатты мән беріп келеді.

Осы орайда ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Халал – халық таңдауы» атты семинар өтті.

Семинарда халал тағамның пайдасы мен харам ас жеудің зияндылығы, сақтану жолдары турасында насихат айтылды.

Семинарға қала кәсіпкерлері мен мешіт жамағаттары қатысты. Кәсіпкерлерге халал сертификатын алу жолдары түсіндіріліп, тағамдары үнемі тексеруде болатындығы да ескертілді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

IMG 1771IMG 1778IMG 1779IMG 1787

Бөлісу: