23
Сенбі,
Қараша

һижри

Елбасы: Мьянмадағы зорлық-зомбылықты тоқтатып, диалогты БҰҰ аясында жалғастыруға шақырамыз

http://www.akorda.kz

Ел іші
Жарнама

Мұсылмандар арасындағы  бытыраңқылық пен конфессияға бөлінуді сыртқы күштер өз мүддесіне пайдалануда. Бұл туралы Астанада өткен Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

– «Негізгі қауіп мұсылмандардан төніп тұр» деген исламофобиялық пікір қоғам ішінде, батыста кең таралуда. Батыс елдерінде мұсылмандарға қарсы қылмыстық әрекеттер саны жыл сайын көбейіп келеді. Жақында Мьянмада болған шиеленіске қатысты алаңдаушылығымызды бәріміз білдіреміз. Барлық тарапты зорлық зомбылықты дереу тоқтатып, диалогты Біріккен ұлттар ұйымы аясында жалғастыруға шақырамыз. Үшіншіден, 1,5 миллиардтан астам адамды біріктіретін ислам әлемі бүгінде, өкінішке қарай, ауызбіршілік таныта алмай отыр. Содан біз көп ұтылып отырмыз. Мұсылмандар арасындағы  бытыраңқылық пен конфессияға бөлінуді сыртқы күштер өз мүддесіне пайдалануда. Біз мұны артта қалдыруымзы керек, - деді Қазақстан Президенті.

ummet.kz

Бөлісу: