30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Н.Ермекбаев Православ шіркеуінің Митрополиттік аймағаның басшысымен кездесті

Ел іші
Жарнама

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстандағы Православ Шіркеуінің Митрополиттік аймағының басшысымен кездесті, деп хабарлайды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі.

Министр және Митрополит Александр мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастар саласындағы мәселелердің кең ауқымын, сондай-ақ Министрлік пен Қазақстандағы Православ Шіркеуі арасындағы одан әрі қарай өзара іс-қимылының тәжірибелік аспектілерін талқылады.

Кездесу барысында «Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына Митрополит аймағының негізгі ұсыныстары талқыланды.

Н.Ермекбаев заң жобасын талқылауға белсенді қатысқаны үшін Митрополитке алғысын білдірді және осы құжаттың қабылдануы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ халық арасында радикалды діни идеялардың таралуына жол берілмейтіндігіне сенім білдірді.

Сондай-ақ, тараптар Қазақстан мен Ресейдегі діни сала ахуалының дамуы мен ерекшеліктері туралы пікір алмасты.

Өз кезегінде, Қазақстандық Митрополиттік аймақ басшысы Қазақстанның Православиелік Шіркеуі мемлекеттің зайырлы сипатын сақтау қажеттігін және экстремистік және террористік әрекеттердің алдын алу шараларын күшейту қажеттігін қолдайтынын атап өтіп, Православие шіркеуінің өкілдері дін саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмысына қатысу мүмкіндігіне ие болғаны үшін Министрліктің басшылығына алғысын білдірді.

Сонымен қатар, кездесу аясында өзара қызығушылық тудыратын бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты.

Іс-шара барысында Православ шіркеуінің басшысы Министрге «Түркістан епархиясы құрылуының 145 жылдығы» мерейтойлық медалін тапсырды.

Кездесу іскерлік жағдайда өтті.

ummet.kz

 

Бөлісу: