25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

«Руxани жаңғыру – береке-бірлік жолы» халықаралық конференциясы өтті

Ел іші
Жарнама

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Елорда төрінде Рухани келісім күні аясында ағымдағы жылдың 17-қазаны күні «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Руxани жаңғыру – береке-бірлік жолы» атты Халықаралық конференция болып өтті.

Конференцияда ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі – Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы, Астана қаласы әкімінің орынбасары – Аманшаев Ермек Әмірханұлы, ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, Астана қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы – Есин Данияр Нұрашұлы, «Мәдениетке бейбітшілік арқылы» халықаралық ассоциациясының президенті, композитор – Мұхамеджанов Төлеген Мұхамеджанұлы, ақын, саясаткер – Олжас Сүлейменов, РФ Мемлекеттік Думасының депутаты, КСРО Халық әртісі – Кобзон Иосиф Давыдович,  РФ Мұсылмандар діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары – Дамир Мухетдинов, Құранның орыс тіліндегі әдеби аудармасының авторы, Ресей Жаратылыстану академиясының толық мүшесі, профессор – Порохова Валерия Михайловна, Гобинд Садан сыртқы байланыстар бөлімінің бастығы және Гобинд Садан салыстырмалы дінтануды терең зерттеу институтының қызметкері – Мэри Пет Фишер қатысып өз ойларымен бөлісті.

5f49df40 9ba6 44ed b1bb 8fca8f4ac446

Конференция барысында сөз алған Наурызбай қажы Тағанұлы:

«Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Мемлекет басшысы ұлт санасын жаңғыртудың «Бәсекеге қабілеттілік», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы» және «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық жолмен дамуы» секілді басты бағыттарын атап өтті. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Мұсылманның ниеті – амалынан қайырлы» – деген екен. Ал, Елбасымыз: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс» – деп, сана мен ниет тазалығына, риясыз ықыласқа мән берді. Олай болса ұлт руханиятын мәңгілік ел идеясы негізінде сақтап, келешекке кемел түрде жеткізу жолында баршамыз жан аянбай тер төгіп, еңбек етуіміз ләзім. Алла Тағала еліміз бен жеріміздің амандығы, халқымыздың бақытты да баянды ғұмыры үшін өмірін сарп етіп, қалтқысыз қызмет етіп жүрген Елбасымыз бастаған барша азаматтарға жар болсын деп тілейміз. Алла Тағаланың тағдырымызға жазған тәуелсіздік атты тартуын сақтау барша азаматқа асыл міндет. Алла осы тәуелсіздігімізді тұғырлы, болашағымызды баянды қылғай» деп ыстық ықыласын білдірді.

Сондай-ақ, конференцияға өзге де шет елдік эксперттер мен Астана қаласының діни бірлестік басшылары және Ақпараттық-насихат тобының мүшелері қатысып, өз ойларын ортаға салды.

1092581e 7d40 439a ade7 463999ad4d3f

12b55592 4ee2 4f5a a4a0 852ab7713fcf

22bfcf27 b86d 4f3a 88e2 f299fbb5a254

93867062 5f64 4bb7 8ed0 b89069b7e1c1

ummet.kz

Бөлісу: