19
Жұма,
Сәуір

һижри

Түркияда діни білім алып жатқан қазақ жастары бас қосты

Ел іші
Жарнама

Түркияның Кайсери қаласындағы «Хасеки» академиясында жəне сол қалада оқып жатқан қазақ жастары академияның мəжіліс залында бас қосты. Басқосуда əр оқу орындарында жауапты өкіл сайлап, мəдениет, спорт іс шараларына жауапты студенттер тағайындалды. 

Айта кетейік, «Нұр-Мүбарак» университеті мен ҚМДБ-ға қарасты 9 медресенің бітіруші түлектерінен тәпсір кітабынан, тәжуидтен және араб тілінің грамматикасынан білім сынағын тапсырған үздік 17 шәкірт Түркия Республикасының Кайсери Діни жоғарғы оқу академиясында және Конья Діни жоғарғы оқу академисында үш жыл білім алуға аттанған болатын. Бауырлас елдегі басқосуда елімізден барған шәкірттер асыл дініміздің қадір-қасиеті туралы айтып, барлық шәкірттерді бір атаның баласындай тату болуға, бірлікке шақырды.

18c4d51d be4e 4802 9fc7 8e1a9c063ad0

7db6c3c8 7f21 46a8 b36a c0e5698c8c27

fc50878b 7160 4658 902c 0254e6bb438d

ummet.kz

Бөлісу: