19
Жұма,
Сәуір

һижри

Сыр елінде 100 отбасыға қайырымдылық жасалды

Ел іші
Жарнама

Қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға қол ұшын созу – мұсылманның міндеті. Сыр өңірінде бұл бағыттағы шаралар мешіт қызметкерлері тарапынан белсенді ұйымдастырылып келеді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті тарапынан ауқымды қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, біршама отбасына көмек берілді. Аталмыш шараға қалалық мешіттер де өз үлесін қосты. Қалалық мешіттер мен облыстық мешіттің бірігуімен өткізілген қайырымдылық шарасы арқылы 100 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Атап айтар болсақ, бір отбасына 10 келі картоп, 10 келі жуа, 10 келі күріш, 5 келі қант, 5 келі макарон, 5 литр шемішке май үлестірілді. Қайырымдылық шарасына қатысушыларға арнайы дастархан жайылып, уағыз-насихат жүргізілді.

Photo 1509599320 13892

Photo 1509599318 90939

Photo 1509599319 93048

ummet.kz

Бөлісу: