20
Дс, Қар
10 Жаңа

«Әзірет Сұлтан» мешіті тұрмысы төмен 300 жанға дастархан жайды

Ел іші
Шрифт

Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде мұқтаж жандарға дастархан жайылып, қайырымдылық шарасы өткізілді. Демеуші азаматтардың қолдауымен жайылған қайырымдылық дастарханына Астана қаласындағы тұрмысы төмен 300 адам шақырылып, қарашаның қара суығында мешіттегі мейірімділікке жылынып қайтты.

Әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасы мүшелері мен Астана қаласындағы түрлі қоғамдық ұйым өкілдерінің басын қосқан берекелі дастархан басында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев уағыз айтып, бүгінгі шараның тағылымын арттыра түсті. Адамдар арасындағы мейірімділікті уағыздап, қайырымды қоғам құруға үндеген имам уағызы да бүгінгі шараның мән-маңызын аша түскендей болды.

44a14e83c37e943bebc66381623fcf72

60644ae6b0edb5cb8c17f27b9c556c53

e7685ba6ab49b4b9e5b7a9aad6fd5a43

ecb3fef715a9cc95facb544b26d853a3

ummet.kz

BLOG COMMENTS POWERED BY DISQUS
e-max.it: your social media marketing partner