29
Жұма,
Наурыз

һижри

«Нұр-Мүбарак» түлектері «Әл-Азһарда» білім алуға Мысырға аттанды

Ел іші
Жарнама

«Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры, профессор Жуда Абдулғани Басюни Мысырдағы әл-Азһар университетіне білімін жалғастыруға жолдама алған түлектерді қабылдады.

Биылғы айрықша жаңалық бұл шәкірттер әл-Азһар университетінің «Исламтану» факультетіне екінші курстан білімдерін жалғастыра бермек. Ал осы кезге дейін «Нұр-Мүбаракты» тәмамдаған талапкерлер жалпыға ортақ ережемен дайындық курстарын оқуға міндетті болатын. Көп жылғы еңбек нәтижесіне сай әрі «Нұр-Мүбарак» университетінде берілетін білім бағдарламалары ескеріліп, шәкірттерді екінші курстан білімдерін жалғастыруға қол жеткізілді.

Egipet11 2017 3 1

«Әл-Азһарда ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Сансызбай ұстаз, Рахымжан ұстаз, тағы елге танымал көптеген азаматтар білім алған. Яғни ол университеттің әлемдік мәртебесінен өзге Қазақстан үшін де орны бөлек. Сіздердің міндеттеріңіз – жақсы білім алу. Әл-Азһар университеті орта жолды ұстанған, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) білім мектебін ғылыми негізде жалғастырушы ілім ордасы. Ол жерде білім алуларыңызбен бірге әрбіріңіздің тәртіптеріңіз де жіті назарда. Сондықтан «Нұр-Мүбарак» университетінде берген білімді, елдің аманатын ақтайды деген үмітіміз мол,» – деді профессор Жуда Басюни.

Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан арнайы келген Сансызбай Құрбанұлы кезінде шет елде білім алудың қаншалықты машақатты болғанын, қазір мүмкіндіктер есігі ашылғанын баса айтып, осындай нығметті бағалай білуге шақырды.

Egipet11 2017 5

«Нұр-Мүбарак» университеті «Дін және тәрбие» бөлімінің меңгерушісі Рахымжан Әкімбеков мырза:

«Осындай мүмкіндіктердің барлығы еліміздің тәуелсіздігінің арқасы. Ол жақта әлемнің түкпір-түкпірінен шәкірттер барады. Сол кезде біздің Қазақстан туын желбіретіп, елшілік өкілдерінің қамқорлығына қарап қызыға да қызғана да қарайтыны рас. Сондықтан осындай нығмет берген Алла Тағалаға сансыз шүкір етіп, ел болашағы үшін аянбай қызмет етуге лайық білім алыңыздар,» – деді.

Уақытты тиімді пайдалану, қосымша дәрістер, қазақстандықтардың өзара бірлікте болуы, спортпен шұғылдану т.б. осындай тиімді тәртіпке дағдылануға қатысты кеңестер айтылды. Ақжолтай жиынның соңында ректор, профессор Жуда Басюни шәкірттерге ақ батасын беріп, Алладан сәттілік тіледі.

ummet.kz

Бөлісу: