02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Астананың 20 жылдығына орай жаңа мешіт ашылады

Ел іші
Жарнама

Астанада «Алланың гүлі» атауымен екі қабатты мешіт салынып жатыр. Жаңа мешіт Астананың оң жағалауындағы Сарыарқа ауданында С409 көшесі аумағында бой көтереді.

Ғимаратқа бір мезгілде 300 адам құлшылық ете алады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Ғимарат сәулетшісі – Сағындық Жанболатов. Бұл мешіттің жобасы еліміздегі басқа мешіттерден бөлек болмақ. Сағындық Жанболатов – Қазақстанда тұрғызылған бірнеше мешіт жобасының авторы. Осы жолы автор дәстүрден алыстап, мешітті заманауи символизм және авангард стилінде тұрғызбақ. Бұған дейін Сағындық Жанболатовтың жобасымен Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешіті бой көтерген.

Astjana2\

Astjana3

Жаңа мешіт құрылысы 2017 жылдың соңында аяқталуы тиіс. Болжам бойынша, мешіт ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Жаңа мешіттің құрылымы дін талаптарына қайшы келмейді. Осы тәрізді нысандар Малайзия, Германия мемлекеттерінде бар.

Бөлісу: