29
Жұма,
Наурыз

һижри

«Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қырлары» семинары қорытындыланды

Ел іші
Жарнама

Бүгін Астанада ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі қырлары» тақырыбындағы 5 күндік оқыту семинары қорытындыланды.

Семинардың басты мақсаты – осы саладағы мемлекеттік қызметкерлер мен дінтанушы, исламтанушылардың кәсіби біліктілігін арттыру. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қырлары. Осындай тақырыппен басталған оқыту семинарына республикамыздың әр облысынан келген өкіл имамдарға сертификат табысталды. Бес күндік шара барысында Қазақстандағы қазіргі діни ахуал, діни сарынды экстремизмнің алдын алу, терроризмнің психологиялық қырлары сынды тақырыптарда дәріс оқылды.

seminar meleket (14)

Өкіл имамдарға сертификатты табыстаушы әрі ұйымдастырушы – ҚР ДІАКМ ДІК Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымдарының кандитаты Айнұр Әбдірәсілқызы «Қазақстандағы дінтанулық білімінің заманауи үрдістері мен өзекті мәселелері» атты тағылымды баяндамасында иман, иманды адам дегенді тек қана міндетті түрде намаз оқитын адам деген ұғыммен шектемеу керек екендігін айтты.

Аталмыш семинарға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын, ҚР ДІАҚМ ДІЛ исламдық діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі басқарма басшысы Бауыржан Есмахан және «Нұр Отан» партиясының мүшелері болып табылатын көптеген мемлекеттік органдар қызметкерлері, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері, облыстық Дін істері басқармаларының. Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының, Терроризмге қарсы комитеттердің мамандары, жоғары оқу орындарының дінтану кафедраларының оқытушылары мен медресе мұғалімдері қатысты.

seminar meleket (3)

Бес күнге созылған семинарда белгілі дінтанушы мамандар мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асырудағы басымдықтар, еліміздегі ұлттық мүдделер аясындағы ҚР дін саясаты, дін мен дәстүр сабақтастығы және бірнеше тақырыптар бойынша арнайы дәрістер оқыды. Еліміздің әр облысынан келген өкіл имамдар тарапынан қойылған сауалдарға мамандар тарапынан тиісті жауаптар қайтарылды, талқылаулар болды.

Дін және қоғам дәстүрлері мен сабақтастықтары, Қазақстандағы діни ахуал және экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері төңірегінде пікір алмасқан оқыту семинары әлі де жалғасын табады.

seminar meleket (5)

seminar meleket (40)

seminar meleket (41)

seminar meleket (50)

seminar meleket (51)

seminar meleket (67)

seminar meleket (56)

seminar meleket (62)

seminar meleket (64)

seminar meleket (54)

seminar meleket (77)

ummet.kz

Бөлісу: