20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Астанада бір күн бойы автобуспен жол жүру тегін болады

Ел іші
Жарнама

16 желтоқсан күні Астана қаласында автобустармен жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Елорда Ақпарат сайтына сілтеме жасап. Тәуелсіздік мерекесінде астаналық автобустар және экспресс-маршруттар жолаушыларды тегін тасымалдайды.

Бірақ, қала сыртындағы маршруттарға бұрынғыдай жол ақысын төлеу керек болады. Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың желтоқсан айында қазақстандықтар қосымша үш күн демалады. 16-17 желтоқсан күндері Тәуелсіздік күні мерекесі аталып өтеді. Бұл жылы аталған мереке сенбі және жексенбі күндеріне түсіп тұр. Осыған орай, демалыс 18-19 желтоқсанға жылжытылды.

ummet.kz

Бөлісу: