25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Кәсіпкер азаматтардың қолдауымен Маңғыстауда жаңа мешіт ашылды

Ел іші
Жарнама

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр елдімекенінде жаңа мешіт ашылды. Ел игілігіне берілген 500 орындық мешіт кәсіпкер азаматтардың қолдауымен салынған.

Мешіттің ашылу рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының өкіл имамы Самайыл қажы Сейтбеков және аудан имамдары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты. Сонымен қатар, өкіл имам аталған мешіттің бас имамы қызметіне тағайындалған Оспан Абдырхановты көпшілікке таныстырды. Смайыл қажы Сейтбеков Алла үйінің салынуына атсалысқан азаматтарға алғыс хаттар табыс ете отырып: «Мешіт – Алланың жер бетіндегі үйі, құлшылық ететін қасиетті орын. Имандылық пен ізгілік жолында Алла разылығы үшін Ақшұқыр ауылындағы мешіттің салынуына қолдау көрсетіп, ел игілігіне жасаған қайырымдылықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін», – деді өкіл имам.

xlarge

Mang4

Mang2

Mang5

ummet.kz

Бөлісу: