27
Сенбі,
Сәуір

һижри

«Әбу Бәкір Сыддық» мешітінде мұқтаж жандарға арналған азық-түлік тоңазытқышы орнатылды

Ел іші
Жарнама

Павлодар қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінде  мұқтаж адамдарға арналған азық-түлік тоңазытқышы орнатылып, іске қосылды. Оған мешіт жамағаты садақа қылған, өз отбасынан артылған сапалы азық-түліктерін қойып отырады.

 

«Мешіт айналасында тұратын аз қамтылған отбасылар және мешіт жамағаттары осы тоңазытқыштан өздеріне қажетті мөлшерде азық-түлікті алып тұруына  толық мүмкіндігі бар. Сонымен қатар мешітке келушілер  де осы сауапты іске өз үлестерін қосып тұратынына сенімім мол. Алда мешіт аумағындағы мұқтаж отбасылар тізімін жасап,  тізім бойынша аталмыш тоңазытқыш арқылы апта сайын азық-түлікпен көмек жасап тұруға мүмкіндіктер болады деп ойлаймын», – дейді «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің бас имамы Әкімбеков Біржан.

ummet.kz

Бөлісу: