29
Жұма,
Наурыз

һижри

Астана әкімі бас мүфтиге құттықтау хат жолдады

Ел іші
Жарнама

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Серікбай қажы Ораздың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы қызметіне сайлануымен құттықтап, арнайы хат жолдады.

«Құрметті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы! Сізді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы – Бас мүфти лауазымына сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Өзіңізге берілген бұл мәртебелі міндет ұзақ жылдар бойы елдегі діни ахуалды жақсарту, халқымыздың төл руханияты – Ислам дінін насихаттау және оны орнықтыру бағытында атқарған қажырлы еңбегіңіздің еленуі деп білеміз. Сіз наиб мүфти және Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы ретінде еліміз бен Елордамызда көптеген рухани-тәлімді өзгерістердің бастамашысы бола білдіңіз. Алдағы уақытта да діни ахуалды жақсарту және азаматтарымыздың бойында адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру бағытында табысты еңбек етіп, Өзіңізге жүктелген міндет жүгін абыроймен арқалап, биік белестерден көріне бергейсіз. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, жаңа қызметіңізге толағай табыс тілеймін!» делінген құттықтау хатта.

1

3

Бөлісу: