04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Назарбаев: «Біз болашағы күмəнді ел едік». (ВИДЕО)

Фото: Akorda.kz

Ел іші
Жарнама

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев бостандық алғанға дейінгі Қазақстан мен қазіргі Қазақстанды салыстырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қариясы артына қарап, тәубасын айта алмайтын, жастары алдына қарап, келешегін көре алмайтын, жолы тұманды, ертеңі күмәнді жұрт едік. Бүгін байрағы төрінде шалқып, әнұраны көгінде шырқалған, елтаңбасы мәңгілік мөрге айналған, жасампаздық тарихын жазған, дербес жазуы бар, өмірі бақытты, көңілі шаттықты, жолы даңғыл, болашағы айқын мәңгілік ел болдық. Бұның бәрі – азаттығын аялап, тәуелсіздігін сақтаған, бірлікке ұйып, тірлігін алдаған айналайын алтын елдің арқасы» деді Елбасы.

«Біз ешкім жерін білмейтін, елін танымайтын, өзгелер аса менсінбейтін, сыртқа еркін шыға алмайтын, шыға қалса, кіммен сөйлесеріне нұсқау күтетін жаутаңкөз жұрт едік. Бүгін бүкіл әлем төреден күтіп, төрін беретін, сыйлап ақыл сұрайтын, өнеге қылатын абыройлы ел болдық» деді Мемлекет басшысы Қазақстанның әлем елдері алдындағы бүгінгі беделі жайында.

Біз кеше рухы тапталған, ана тілі өгейсіп, ата діні аласталған, тарихы бір тұтам болып кесіліп, бағы қайтқан жұрт едік. Бүгін рухы асқақтап, тілі БҰҰ-ның төрінен сөйлеген, хақ діні қайта жалғасқан, тарихы тамырын тауып, мыңжылдық даңқы асқан, ұлы бабаларын ұлықтап, ұлы мәдениетін жаңғыртқан бағы жанған ел болдық» деді Мемлекет басшысы.

 

 

Бөлісу: