28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Наурызбай қажы Тағанұлы «Әзірет сұлтан» ұжымымен жиналыс өткізді

Ел іші
Жарнама

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен жақында ғана «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы болып тағайындалған Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт ұжымымен танысып, құлшылық ордасының тыныс-тіршілігіне қанықты.

Жиналыс барысында Бас мешітте қалыптасқан жұмыс үрдісі, қызметкерлердің қарым-қабілеті мен негізгі міндеттемелері жайлы айтылып, жалпы сипаттама берілді. «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлы, сондай-ақ,  құлшылық ғимаратындағы діни дүкендер мен хижама орталығы, «Мумтаз» мейрамханасының қожайындарын да таныстырып өтіп, екі арадағы келісім жайында түсіндіріп өтті.

Мешіт ұжымымен жақынырақ танысып, құлшылық ордасы жайлы мағлұматқа қаныққан Наурызбай Тағанұлы өз кезегінде ізгі тілегін білдіріп, алғысын жеткізді. Алла қалауымен еліміздің Бас мешітінің басшылығына тағайындалғанына шүкіршілігін жеткізіп, алдағы уақытта жұмыс қарқынын жоғарылатып, бірлік пен ынтымағы жарасқан қалыпта қызмет атқаруға шақырды.

Сондай-ақ, Наурызбай Тағанұлы «Әзірет Сұлтан» мешіті еліміздің рухани бас ордасы екендігін баса айтып, құлшылық ордасындағы тазалық, қауіпсіздік мәселелері төңірегінде ой талқылады. Мешіт қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдап, өзінің де өтініш-талаптарын жеткізді. Жиналыс соңы жамағат болып Жаратқаннан еліміздің амандығын, жеріміздің тыныштығын, Дініміздің дамуын тілеген Наурызбай қажы Тағанұлының ақ батасымен аяқталды.

41fa851a7ca4eb61072d8f5b7a11aa8d

e07850b98f1d03ca29c63f83e1caf782

9a9927b9748b0bfdeafb8fa93dcdfb50

c963919ad305eed116439a8feea5c4a6

6b91b021552c91512b3e65b61065b071

ummet.kz

Бөлісу: