25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

«Харекет» қайырымдылық қоры көп балалы отбасына баспана сыйлады

Ел іші
Жарнама

Құрылғанына көп болмаған «Харекет» қайырымдылық қоры көп балалы отбасыға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Қарапайым намазхан, діндар кісілердің мұрындық етуімен құрылған аталмыш қор «1000 теңгеге баспана» акциясымен Қарағанды облысы, Сатпаев қаласындағы көп балалы отбасына баспана сыйлады. Бұл туралы қордың әлеуметтік желі парақшасында хабарланды.

25014509 454649221603631 2376533287528038400 n

«Баспанаға мұқтаждар көп. Бірақ, қордың бірінші үйі 8 баласы бар, бір баласы мүгедек, әйелі жетімдер үйінде өскен отбасына бұйырды. Нағыз мұқтажды тапқаныма сенімдімін», – деп жазған қор жетекшісінің бірі Гүлмира Мұқанқызы.

– Осылай сіздерге үй береміз дегенде күйеуінің көзінен жас шығып, далаға шығып кетті. Қыздың айтқан сөзі Алладан қайтсын болды. Мен тұрып кетіп бара жатыр едім Майра қыз келіп мені құшақтап алды. Құшақтап үндемей жылап тұра берді. Мен сол кезде жүрегіммен түсіндім нақ мұқтажды тапқанымды», – дейді апай.

Бұрын бұл отбасы мекеме офисының бір бөлмесінде тұрып келген екен.

«Неше күнгі іздестіру, саралау нәтижесінде (жергілікті имамдар мен әкімшілік қызметкерлерінің қатысуымен) осы отбасына тоқтадық. Бір мекеменің конторының бір бөлмесінде тұрып жатыр екен» – дейді Алғадай Әбілқазыұлы (қор мүшесі). 

«Харекет» қайырымдылық қор мүшелері екі бөлмелі пәтердің кілтін мұқтаж отбасыға салтанатты түрде «Мәуліт кешінде» табыстады. Алдағы уақытта, «Харекет» Қайырымдылық қоры тағы басқа баспанаға мұқтаждарға көмектесетінін жазды. Ол үшін қайырымды жандар бірге жұмылып, ат салысулары керек.

Біз өз кезегімізде қор мүшелеріне табыс тілеп, бастаған игі шаралары өркендей берсін дегіміз келеді.

jpg.12.05

jpg12.03

ummet.kz

Бөлісу: