20
Сенбі,
Сәуір

һижри

«ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тақырыбында тренинг өткізілді

Ел іші
Жарнама

Астана қаласындағы Республикалық имамдар орталығында тренинг өткізілді. Тренингке еліміздің әр аймағынан келген 60 аудан имамы қатысты. Дәрісті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы, журналист Ағабек Қонарбайұлы жүргізді.

 Ағабек Қонарбайұлы тренингте уақытты жүйелеу, жұмыс жүргізу әдісі, іс-шараларды әсерлі өткізу, ұжымдағы қызметкерлерді көркем басқару, аудиторияға әсер ету тәсілдері, т.б. тақырыптар төңірегінде тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, менеджменттің мәні жан-жақты түсіндіріліп, арнайы әзірленген бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» жобасын қолға алып, дін қызметкерлерінің білімін көтеру мақсатында арнайы оқыту курстарын ұйымдастыруда.

IMG 8834

IMG 8837

IMG 8841

ummet.kz

Бөлісу: