26
Жұма,
Сәуір

һижри

Астана қаласы әкімдігі дін қызметкерлерін марапаттады

Ел іші
Жарнама

Бүгін Астана қаласында қала әкімі жыл сайынғы дәстүр бойынша дін қызметкерлерін марапаттап, арнайы Алғыс хаттар табыстады.

Жыл бойы еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолында ұлтымызды имандылыққа ұйытып, халқымызды игілікке бастап, асыл дініміздің абыройын асқақтатқан дін жолындағы бірқатар қызметкерлер Астана қаласы әкімінің атынан және Астана қаласы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Данияр Есиннің атынан Алғыс хаттар табысталды. Мәртебелі марапатқа ие болған білікті де, білімді имамдардың жыл бойы Астана қаласы халқының діни сауаттылығын арттыруда және келер ұрпаққа тәрбие беру, отандастарымыздың рухани әлеуетін қалыптастыруда қосқан үлесі ескерілді.

Атап айтқанда, «Нұр Астана» мешітінің наиб имамдары Нұрлан Рамазанов, Марат Бектазинов, Әділхан Серікбай және «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қуат Ерғалиұлы Астана қаласы әкімі Әсет Исекешевтың атынан марапатқа ие болды.

Құттықтау салтанатында Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Данияр Есин мемлекетіміздің дін саласындағы ұстанымын елорда халқының санасына сіңіруде ұлттық құндылықтарды жан-жақты түсіндіру жұмысында белсенділік танытқан, қайырымдылық шараларына атсалысқан қызметкерлердің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

IMG 1122

jpg0101010 2

jpg0101010 5

jpg0101010 7

DSC 0003

jpg0101010 4

jpg0101010 1

jpg0101010 3

jpg0101010 6

jpg0101010 8

jpg0101010 9

jpg0101010 11

ummet.kz

Бөлісу: