25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

«Төлебай» мешіті жамағат арасында волейболдан турнир өткізді

Ел іші
Жарнама

«Төлебай» мешітінің Бас имамы Асхат Сапашұлы Салимовтың ұйымдастыруымен «Төлебай» мешіті жамағаты арасында «Волейбол турнирі» өткізілді. Интернационал тұрғын алабында орналасқан №44 орта мектепте өткізілген турнирге «Төлебай» мешітінен «Сұңқар», «Ислам», «Ынтымақ» жəне «Рухани жаңғыру» командалары қатысты.

Жүлделі орын алған командаларға сыйлықтарды, турнирге арнайы қатысқан ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр-Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Əбітайұлы Мұқанов табыстады. Бас имам Асқар Əбітайұлы «Төлебай» мешітінің жамағатын волейбол турнирімен құттықтап, салауатты өмір салтын ұстану пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарға үйретіп кеткен сүннет амалдарына жататынын айтып, келешекте жаңа табыстарға жете берулеріне тілектес екенін жеткізді. Волейболдан өткізілген турнирде «Сұңқар» командасы бірінші орын, «Ыңтымақ» командасы екінші орын, «Ислам» командасы үшінші орынды иеленді. Бірінші, екінші, үшінші жүлделі орындарға қаржылай сыйлықтар берілсе, төртінші орын алған «Рухани жаңғыру» командасына түрлі бағалы заттар сыйлыққа берілді. Сонымен қатар, «Төлебай» мешітінің ақсақалдарымен үлкен ағаларымыздан құрылған «Ислам» командасының 69 жастағы ақсақалымыз Тілеубаев Əміре үздік ойыншы ретінде марапатталды. Жарыс сонында №44 орта мектебіне волейбол, баскетбол сеткалары мен доп сыйлыққа табыс етілді.

IMG 20180115 WA0004

IMG 20180115 WA0000

IMG 20180115 WA0001

ummet.kz

 

Бөлісу: