19
Жұма,
Сәуір

һижри

БАС МҮФТИ ұйғыр диаспорасының өкілдерін қабылдады (ФОТО)

БАС МҮФТИ ұйғыр диаспорасының өкілдерін қабылдады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Алматыда ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ұйғыр диаспорасының өкілі, кәсіпкер Дильмурат Кузиев, «Мир» баспа үйінің директоры Халилов Әлишер, жазушы, қаламгер Абдулла Самсаковпен кездесті.

Кездесу барысында еліміздің рухани өміріндегі өзекті мәселелер сөз болды. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Қазақстанда діни ахуалдың тұрақты екенін, түрлі конфессия өкілдері татулық пен келісім жағдайында өмір сүріп жатқандығын атап өтті.

«Қазақстанда ұлт пен ұлыс бейбіт өмір сүріп келеді. Осындай бейбіт заманның арқасында дініміз бен рухани құндылықтарымызға өз үлесімізді қосып жатырмыз. Бұл – үлкен бақыт. Дін – бүкіл адамдардың рухани дүниетанымын байытып, жер бетіндегі адамзат қауымының өмір сүру игілігіне өз үлесін қосатын қуатты күш. Сондықтан сол күшті адамдар арасындағы достық пен ынтымаққа және мемлекетіміздің дамуына жұмсауымыз қажет. Осы бағытта дініміздің өсіп-өркендеуіне қосып жатқан үлесіңізге алғыс білдіремін»,  – деп атап өтті Бас мүфти.

Кәсіпкер Дильмурат Кузиев Бас мүфти Серікбай қажы Оразды жаңа қызметімен құттықтап,  ұйғыр тілінде алғаш рет жарық көретін Құран Тәпсірімен таныстырды.

«Осы уақытқа дейін Діни басқарманың қолдауымен ұйғыр тілінде діни кітаптар жарық көрді. Бірақ, Құран тәпсірі алғаш рет жарық көргелі отыр. Тәпсір саласындағы дүниелердің жалпақ жұртқа түсінікті, әрі діни сенімі өз мағынасынан ауытқымауы үлкен мәселе болғандықтан Діни басқарманың сараптауынан өткізу басты мақсат. Бұл тұрғыдан алғанда Діни басқармадан үлкен қолдау көріп келеміз. Алла Тағала жаңа қызметіңізге жәрдемші болсын. Халықты имандылыққа тәрбиелеу жолындағы игілікті істеріңіз қашанда іргелі болып, көп конфессиялы еліміздің дінаралық татулығын одан әрі нығайтауға жемісті еңбек ете беріңіз», деп тілегін білдірді Дильмурат Кузиев.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз келген қонақтарға ислам дінінің қазақ даласына дәнегі егілгеннен бастап, бүгінге дейінгі тағылымды тарихы қамтылған «Ұлы дала темірқазығы» атты кітапты сыйға тарту етті.

muftyat.kz

Бөлісу: