20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Қостанайда маңызды кездесу өткізді

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Қостанайда маңызды кездесу өткізді

Ел іші
Жарнама

Бұл күндері елімізде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып жатқаны белгілі. Осы аса маңызды құжатты халыққа түсіндіру мақсатында біздің өңірімізге Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бастаған ақпараттық топ келді.

Соған орай, министр Нұрлан Байұзақұлымен Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның залында кездесу болып өтті. Оған ғылыми, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, дін қайраткерлері және жастар қатысты.

Жүздесуді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев ашып, мәртебелі қонақпен таныстырды. Ақпараттық топтың бізге келгендегі мақсаттары мен міндеттері жайлы айтып берді. Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев үстіміздегі жылғы мемлекет басшысының Жолдауы жөнінде жан-жақты тоқталды. Ондағы негізгі он бағыттың алға қойған міндеттері хақында баяндады.

Сондай-ақ, өзі басқарып отырған министрліктің осы кезге дейін халық мүддесі үшін тындырған жұмыстары жөнінде жиналған жұртшылықты хабардар етті. Сонымен қатар, алда тұрған жұмыстарға да кеңінен тоқталды. Оның айтуына қарағанда, алдағы жүзеге асырылар істер де өте ауқымды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен тығыз байланыста екендіктерін де сөз етті. Министрлік әзірлеген заң жобасы жайында да тілге тиек етті.

"Қостанай аграрлы өңір. Сондықтан Жолдаудағы үшінші бағытта айтылған «Ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі жөнінде айтылған тұжырымдардың біздің облыстың диқандары мен мамандары үшін алар орны ерекше, -деді ол.

Осы басқосуда Нұрлан Байұзақұлына залдан бірнеше сұрақтар қойылды. Министр оларға нақты жауап берді. Жиын соңында барша қатысушыларға еңбекте табыс тіледі.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Бөлісу: